Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 291 босқын, 862 пана іздеуші адам тіркелген – Көші-қон комитеті

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2023
  • 990

Қазақстанда 291 босқын тіркелген. Олардың көпшілігі Ауғанстан (270), ҚХР (7), Сирия (5) және басқа елдердің (9) азаматтары. Бұл туралы ОКҚ-да өткен арнайы баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сондай-ақ пана іздеген 862 адам тіркелген. Оның ішінде 588 адам Украина азаматтары, 226 адам Ауғанстаннан, 22 адам Ресей Федерациясының азаматтары және 26 адам басқа елдерден келген",-деді Ілияс Испанов.

Сондай-ақ ол бұл бағытта министрлік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп БҰҰ стандарттарымен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау жөнінде ұсыныстар әзірлейтінін жеткізді.