Ұлттық
қауіпсіздік қызметкерлері ел аумағында террорлық әрекет жасамақ болды деп
ұсталғандар ісі сотта қаралып жатыр. Олардың Сириядағы содырлармен байланысы
болғаны рас па? Сот отырысына қатысқан тілшіміз Айзада Төребекқызы анықтауға
тырысты.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Лаңкестік
жасамақ болды деп айыпталып отырғандар үш адам. Барлығы Қарағанды облысының
тумасы. Олар биылғы маусым айында ұсталған болатын. Екеуі Шымкентте, үшіншісі, яғни басты фигурант, Қарағандыда ұсталып, жеткізілген.
Қолда
бар мәліметке сүйенсек, қамауға алынғандар Қазақстанда тиым салынған
экстремистік ұйымдардың бірімен байланысы болған сыңайлы. Сот процесіне БАҚ
өкілдері қысқа уақытқа қатыстырылды. Алайда тілшілер үшін нақты ақпараттар ашып айтылмады. Бүгін сотталушылардан
жауап алынып жатыр. Алайда басты тапсырысты орындаушы сотқа түсінік беру
кезінде, өзіне бұл істі тапсырған сыбайласын танығанмен, оның түпкі ойынан
хабарсыз болдым, деп ақталды. Оның айтуынша, шымкенттік кәсіпкердің суреті мен
мекен-жайын вацап мессенжері арқылы жіберіп, бірнеше суретін түсіріп жіберуді
тапсырған. Сол үшін қомақты ақша төлеймін деп уәде етіпті. Бұл үшін алдын ала жол шығыны ретінде 340 мың
теңге мен ноутбук сынды байланыс құралдарын қоса берген. Бірақ басты фигурант бұл істі өзге танысына
сеніп тапсырып, өзі елде қалған. Екі сыбайласы Шымкентте кәсіпкердің
мекен-жайымен қоса, оның отбасы мүшелерін де торуылдаған. Бірақ арнайы қызмет өкілдерінің назарынан тыс
қалмады. Ұсталған сәтте басты айыпталушының ұялы телефонынан теріс ағымды
насихаттайтын, тиым салынған жазбалар табылған. Сол кезде тергеу нәтижесі
ұсталғандардың Сирияда жүрген содырлардың бірімен байланысы барын анықтаған
көрінеді.
21, 22 және 31 жастағы жігіттер түрлі қылмыс жасағаны үшін бұрын
да сотты болған. Сол кезде дінге бет
бұрған. Негізгі тапсырыс берушімен де темір тордың арғы жағында отырып таныс болғандарын жасырмады. Тек оның түпкі
ойынан хабарымыз жоқ дегенді айтып ақталып отыр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ