Қарағанды облысының полицейлері бірнеше интернет-алаяқтығын жасаған 8 күдіктіні ұстады.
Өкінішке орай, алаяқтардың құрығына түсіп, алданып қалған тұрғындардың саны азаяр емес.
-Жыл басынан бастап интернет-алаяқтарына алдану бойынша 508 арыз тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен жүргізілген арнайы операцияларының нәтижесінде бірнеше эпизод интернет –алаяқтығын жасаған 8 тұлға анықталып ұсталды. Мәселен, Осакаров аудандық полиция бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» бабымен қозғалған 12 қылмыстық іс бар. Күдікті, аудан тұрғындарының сеніміне кіріп, оларды алдап, ақпараттық технологиялардың көмегімен тұрғындарға онлайн-несие рәсімдеген. Жәбірленушілерге 12 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгісін берді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды,-деп хабарлады облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен 9 факті алаяқтық жасаған 24 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысының нәтижесінде жәбірленушілерге 7 миллионнан астам шығын келтірген.
Абай аудандық полиция басқармасына 53 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленушіге белгісіз біреу ұялы телефонына банк қызметкерімін хабарласып, есеп шотын сақтандырамын деген желеумен алдап, 10 миллионнан астам ақшасын алып кетті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдікті іздестірілуде.
Сондай-ақ, Әбіл Әбілдин интернет –алаяқтарының әрекеттерінен хабары бар бірқатар тұрғындардың олармен сөзге келмей, алдауына түспегендерді де атап өтті. Мәселен, алаяқтар туралы полициядан хабарлама алған 56 жастағы Нұра ауданының тұрғыны. Азаматшаға банк қызметкеріміз деп белгісіз біреу телефон шалған. Алайда, осындай желеумен алаяқтардың жұмыс жасайтынын білген азаматша бірден телефон тұтқасын қойып, олармен байланысын үзген.
Сондықтанда департамент бастығының орынбасары қала және облыс тұрғындарына алаяқтардың арбауына түспеу үшін банк қызметкерлерінің ешқашан сіздің жеке ақпараттарыңызды сұрамайтынын, ешқашан күдік тудыратын сілтемелерге кірмеу керектігін, өздеріңіздің жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеу қажеттігін, сонымен қатар егер тұрғындарға банк қызметкеріміз деп хабарласса, бірден телефон тұтқасын қойып, банктың колл орталығына немесе полицияға хабарласу қажеттігін еске салды.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі