Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын өзі туған ауыл маңындағы тау арқылы кесіп өткен болуы мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов осындай болжам бар екенін айтты. Оған жолды жақсы білетін біреу көмектесті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз деді. Арнайы топ қазір жұмыс істеп жатыр. Прокуратура қылмыстық іс қозғаған, Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
Ерлан АЛДАЖҰМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Болжамдар бар. Таумен кеткен деген тұспалымыз бар. Өзі туған жердегі елді мекеннен алыс емес маңда, тау ішінде оның шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін жақсы серіктері болған да шығар. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз.