Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында оқушы қыздың өліміне күдікті ретінде тағы бір жігіт қамауға алынды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен тағы бір жігіт қамауға алынды. Ол-Ордабасы ауданының тұрғыны.

Марат ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнынан нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК 99 бабы 2-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Еске салайық, Төрткөл ауылындағы каналдан жасөспірім қыздың мәйіті табылған болатын. Оны өлтірді деген күдікпен бұған дейін 11-сынып оқушысы қамауға алынды.