Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертең ораза айт мерекесі басталады

Бүгін - оразаның соңғы күні. Ертең - Айт мерекесі басталады. Таңғы сағат 7-де Елордадағы барлық мешітте айт намазы оқылады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Барша мұсылман үшін ұлық болған екі мейрамның бірі - ораза айт. "Айт" сөзі араб тілінен аударғанда "мереке, мейрам" деген мағынаны білдіреді. Бір ерекшелігі - ол күн айт намазын оқумен басталады.

Ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дастарқан жайылып, айттаумен жалғасады. Бір ай бойы ораза ұстаған адам ерекше ілтипат пен құрметке бөленеді.

Рахматулла ОРАЗҰЛЫ, "САДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ" МЕШІТIНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

Қазіргі уақытта біздің рамазан айына бір үлкен әдебіне айналды. Барлығы өзінің отбасы, ошаққасымен осы мейрамды тойлау үшін бірінші мешітке келеді. Одан кейін қазақтың дәстүрі бойынша ең аз дегенде 7 кісінің үйіне айтшылап кіру керек.

Мұсылмандар ораза айтты Рамазан айын аман-есен өткергеніне шүкіршілік ретінде тойлайды. Бұл күндері жамағат сән-салтанатпен киініп, мол дастархан жайып, бір-біріне сый-сыяпат жасап, балаларға тарту-таралғы үлестіреді.

БЛИЦ:

- Бір түйір құрма болсын ауыз тиіп, ораза айтына барып, ораза намазын жамағатпен оқу.

- Аузымызды ашып, мерекелік дастарханымызды жасап, шелпегімізді пісіреміз, ағайын-туыстың үйіне қонаққа барамыз. Қонақ шақырамыз.

- Дастархан бауырсақ, нанымыздың бәрін жайып, құртымызды жайып, туған-туысқандармен аралап, сөйтіп қарсы алайық деп жатырмыз.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Ораза айтта бұған дейін ренжіскендер татуласып, араздасқандар бірін-бірі кешіріп, қол алысады. Сондай-ақ туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң үй аралап, қарым-қатынастарын нығайта түседі. Бұл мейрамның негізгі ерекшелігі де, басты мақсаты да осы.