Русский Сайттың толық нұсқасы

Рыбакина ойын кезінде жарақат алып, Германиядағы турнирден шығып қалды

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2023
  • 1144

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің келесі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 

Жүлде қоры 780 мың еуродан асатын турнирдің екінші айналымында отандық теннисші әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты.

Алғашқы сетте Рыбакина қарсыласына 1:6 есебімен жол берді.

Ал екінші партияда қазақстандық теннисші жарақат алып, жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Елена Рыбакина беделді турнирдің ширек финалынан тыс қалды.