Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта: объектілерді төлқұжаттауға 2 млрд теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2023
  • 1318

Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тектоникалық процестердің жандануы ғимараттардың сейсмикалық төзімділік нормаларында көрінеді.

"Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді ол Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында.

Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі кезінде адамдар жиналатын орындарға белгілер орнатылатыны белгілі болған еді.