Русский Сайттың толық нұсқасы

5 жасар қыздың ата-анасы оны мектепке баруға ынталандыру үшін "Гелендваген" сыйлады

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2023
  • 1146
Mersedec G Wagon. Скриншот: malaymail.com

Малайзияда ерлі-зайыптылар бес жасар қызын мектепке қайта оралуға көндіру үшін оған Mercedes G Wagon көлігін сыйға тартқан,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  

The sun сайтының жазуынша, кәсіпкер әйел Фархана Захраның 5 жасар қызының ауырып қалғаннан кейін мектепке қайта баруға ынтасы болмаған.

Дегенмен, кішкентай Фатима егер ата-анасы туған күніне қымбат көлік сыйласа, ол мектеп қайта баруға уәде берген. Осылайша, ата-анасы қызының қалауын орындап, оның бес жасқа толуына орай және мектепке қайта оралуға көндіру мақсатында Фатимаға Mercedes G Wagon көлігін сыйға тартқан.

Бұл сәттің видеосын Фатиманың анасы TikTok парақшасында жариялаған.

MalayMail хабарлауынша, Фатима қаңтар айынан бастап мектепке баруды тоқтатқан, ол ауруға байланысты үйде отыруға мәжбүр болған. Алайда қыз баланың жағдайы жақсарғанымен, ол ата-анасына әлі кішкентай екенін айтып, мектепке оралғысы келмегенін айтқан.