Оңтүстік Қазақстанда террорлық әрекет жасамақ болған шетелдік азамат ұсталды. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтады. Ол қолдан жасалған жарылғыш құралын пайдаланып жарылыс жасауға ұмтылған. Сондай-ақ, Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды.Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді. Жалпы осыған ұқсас фактілермен 19 адам ұсталып, қазақстандық тағы 4 азамат әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды.