Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығы студенттерге дәріс өткізді. Мамандар студенттерді, магистранттарды бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделін таныстырды. Мақсат – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен VII Съездің қорытынды декларациясының негізгі месседждерін аудиторияға жеткізу, өткен халықаралық оқиғаның қорытынды нәтижелерімен бөлісу.
Болат СӘРСЕНБАЕВ, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н.НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Съезді өткізу біздің елімізде де, бүкіл әлемде де ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан саясатының маңызды бөлігі екенін айқындайды. Қазіргі күрделі кезеңде бір үстелде жиналған дін лидерлері бүкіл әлемге кез-келген келіспеушілікті жеңетін ізгі ниеттің маңызды үлгісін көрсетті.
С. Оралбеков