Русский Сайттың толық нұсқасы

Публицист, журналист Б. Ғабдуллиннің үш кітабының тұсауы кесілді

Белгілі публицист, журналист Бигелді Ғабдуллиннің жаңа туындылары оқырманған жол тартты. Өз өмірінен алынған оқиғаларға негізделген үш кітаптың тұсауы кесілді.

«Салиқалы әңгіме», «Ұлы көш», «СИЗО». Публицистің жаңа кітаптары осылай аталады. Барлығы да шынайы өмірден алынған. Өз тағдырына негізделген. Яғни, басты кейіпкер автордың өзі.

Бигелді ҒАБДУЛЛИН, ПУБЛИЦИСТ, ЖУРНАЛИСТ:

Ең бірінші салиқалы сұхбатты алсақ. Бұл осы қазақ өмірінің журналисткасы туралы сұхбаттар. Ал енді мына кітапты алсақ. Бұл Керей мен Жәнібектен бастап Назарбаевқа дейін осы біздің 550 жылдық тарихымыздың тарихы. СИЗО деген кітабымызды енді өздеріңіз білесіздер темір тордың арғы жағында не болып жатқанын өз көзіммен көріп жазып шықтым.

Кездесуде автордың шығармашылық еңбектері талқыланды. Публицистің қазақ әдебиетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Тіпті тамаша туындыларды ағылшын тілінде сөйлетті.

Шархан ҚАЗЫҒҰЛ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ:

Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі бұл кісі біздің қазақтың мықты-мықты жазушыларының туындыларын ағылшын тіліне аударып шығарды. Мына Мұқағалидан бастап кешегі Қажығали ағамыздың кітабы тар кезең романы содан кейін мына Дулат ағамыздың кітабы сосын жанағы Қалижан Ысқақ ағамыздың кітабын аударып жақында ғана шығарды. Соның бәрін мына біздің қазақ әдебиетінің әлемге танытып көмегін тигізіп жатыр.

Автордың жаңа жинақтары халықаралық кітапхана қорына ұсынылмақ.