«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан дерктерге қарағанда, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.
ҚР бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.