Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мешіт жанынан сауықтыру орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2016
  • 3758

Алматыда тұңғыш рет мешіт жанында өзге діннің жетегінде кеткендерді сауықтыратын орталық жұмысын бастады. Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ» ықшам ауданында ашылған мектепке адасқан кез-келген адамды әкелуге болады. Мұндағы мамандар психологиялық көмек пен нағыз исламның мән-мағынасын түсіндіруге әзір. Сауықтыру орталығында сауатты теолог-мамандар, психологтар мен заңгерлер жұмыс істейді. Орталық жетекшілерінің айтуынша, әсіресе оқушылар мен студенттерге баса мән берілмек.

Мирхат Мадияров, «Шаңырақ» дін сұрақтары бойынша кеңес беру орталығының директоры:

Әрине, мұндай арбауға бірінші кезекте мектеп оқушылары, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері түсіп жатады. Себебі олардың негізгі бөлігінің дінді бір-бірінен ажыратуы үшін білімі жеткіліксіз. Жаңағы шейхтар, өзге ағымнан келген дінбұзарлар Құранның бетін ашады да, оны өздігінше түсіндіреді. Түбінде ол дәстүрлі исламнан алшақ ұғымдарды миына сіңіреді. Сосын барып адасқандар қатарынан бір-ақ шығады.