Русский Сайттың толық нұсқасы

Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі болды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2023
  • 1148

EMSC мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 23 сәуірде Кепулауан Бату архипелагы маңында болған. 

Алғашқы дүмпу таңертең тіркелген, оның магнитудасы 6,1 балл болды. Араға бірнеше сағат салып, 5,8 баллдық дүмпу сезілген. EMSC мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.

Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені - Танахбала.