Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда қоғамдық қабылдаулар арқылы тұрғындардан 4 мыңға жуық өтініштер түскен

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2016
  • 2719

«Нұр Отан» партиясының жамбылдағы жұмыстары қарқынды! Партияның облыстық филиалының қаңтар-қыркүйек айларында өткізген қоғамдық қабылдаулар көрсеткіші өз нәтижесін беріп отыр. Биыл Таразда тікелей тұрғындардан 4 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл көрсеткіші өткен жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда екі есеге жоғары. Ал, бұл өтініштердің 32 пайызы оң шешімін тапқан. Өз проблемасын шешу үшін бас партияға қайырылғандардың дені әлеуметтік мәселелер бойынша келгендер. Арыз-шағымдардың 70 пайызы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерден тұрады, дейді нұротандықтар. Тәртібі бойынша қоғамдық қабылдаулар күн сайын өткізіледі. Яғни кез-келген адам өзін толғандырған мәселе бойынша, партия филиалдары мен аумақтық бөлімшелеріне баруына болады. Ал, қоғамдық қабылдау арқылы түскен өтініштер Прокуратура мен құқық қорғау орган басшыларына уақытылы жолданып отырған.

Бақыт Төлемісова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Мәселелердің арасында тұрғынжай-коммуналдық мәселелері де көп болады. Мысалы, Тараз қаласында газ жүйесін жер астымен өткізу кезінде жол төсемесі мен су құбырлары бұзылады. Соны мердігерлер қалпына келтірмей кеткен. 16 көшенің азаматтары бізе ұжымдық өтініштер түсіріп, бұл мәселе қарастырылып, комиссия құру жолымен зерделеу жүргізілді.

Ал, шалғай аудандар мен ауыл-аймақтардың ахуалын білу үшін нұротандықтар әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып отыр. Соңғы кезде тұрғындардың өзі «Скайп», «Бейнеконференциялар» арқылы байланысқа шығуда белсенді екенін айтады. Өз кезегінде заманауи байланыстың бұл түрі «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жүзеге асып жатыр. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы онлайн режимде партия қабылдауына шығуға болады. Бұл өз кезегінде ең жылдам жауап берудің тиімді тәсілі, дейді мамандар. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ