Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 5000-ға жуық тұрғын үй қауіпті аймақта орналасқан

«Ұшарымды жел біледі, Қонарымды сай біледі». Жұмбақта жасырылған қаңбақтың кейпін 26 мыңнан астам алматылық кешіп отыр. Тасқын, көшкін және сел қаупі жоғары аймақта 5 мыңға жуық нысан орналасқан. Тіпті тік беткейге 12 үй салынған. Негізі бұның барлығы демалыс және туризмге арналған ғимараттар болуы керек. 2017 жылдан бері тұрғын үй аймағына айналған 286 гектар жер анықталды. Шаһардың таулы аймақтарында соңғы екі жылдың ішінде ландшафтты заңсыз өзгерту бойынша 26 факті анықталған.

Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл жерді бөлу кезінде шенеуніктердің заңсыз әрекеттеріне әкеледі. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді. Алдымен Бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі. Осындай 900-ден астам факт анықталды.

Әлішер ТОҚТАСЫН, «ҚАЗСЕЛДЕН ҚОРҒАУ» ММ АЛМАТЫ Қ. БОЙЫНША ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Алматы қаласы бойынша осы орта таулы және төмен таулы аймақтарда үй көптеп салынып жатыр. Жаңбардың көп жау салдарынан және беткейлік қарлардың еруінен бізде осындай сырғыма қауіпті аймақты учаскелердің жағдайы үлкен қауіп төндіріп тұр. Қызмет көрсету аймағымызда 145 осындай сырғыма қауіпті учаске тіркелген.