Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасарын тағайындады. Президент өкімімен бұл қызметтерді Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк атқаратын болады.
Айта кетейік, Астанада 26-27-ші сәуір күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясы өтеді. Онда «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбы талқыланады.