Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол тойда түскен өзінің және күйеу жігітінің фотосын Instagram-дағы парақшасына салды.
Жансая Әбдімәліктің өмірлік серігі - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Ол бұл қызметке 2022 жылғы 1 желтоқсанда тағайындалған.
Спортшының оқырмандары "Сіздің өмірлік жарыңызды өмір бойы көргім келіп еді, қандай болады, кім болады дегендей, бақытты болыңыздар", "Бақытты болыңдар, тіл-көзден аман болыңдар", "Жезқазғанға +1 келін" деп пікір жазып жатыр.