Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда қоқыстан пакетке оралған шақалақ табылды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 1241

Оралда пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды, бұл іске қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 24 сәуірде сағат 11:31 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ​оқиға орнына келгеннен кейін қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған ер бала анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.