Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда кәріз құбырынан шала туған сәбидің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 966

20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.