Русский Сайттың толық нұсқасы

Кенияда аштықтан қырылғандар саны 73-ке жетті

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 713

Кенияда христиандық секта өкілінің уағызына еріп, аштан өлгендер саны 73 адамға жетті,-деп жазады Қазақстан Телеарнасы. 

Олардың мәйіті елдің шығысындағы орманнан қайта қазылып алынды. 33 адам тірі қалған. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті полицияның мәліметінше, 112 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен.

Секта жетекшісі Пол Маккензи 14 сыбайласымен бірге тұтқындалды.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген ұғымды сіңірген. Кениялық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауда отырған Маккензидің өзі де тамақ пен судан бас тартып отыр.

Полицияға бұл істі тергеу үшін 14 күн мерзім берілген.