Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 1458

Маңғыстау облысында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Жер сілкіністері Астана уақытымен сағат 13:25-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым, Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте.

Жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.