Русский Сайттың толық нұсқасы

"Шетелге билет сыйлады". Әнші Мәдина Сәдуақасованы қуантқан кім?

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 1010

Әнші Мәдина Сәдуақасоваға "Жақсы адамдарым" бағдарламасында шетелге билет сыйлады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламада өзінің өнерге қалай келгенін, бейнебаяндар қалай түсірілгенін айтқан өнер иесі керемет сыйлыққа ие болды. Cыйлыққа әншінің "Жұлдыздармен сырласу" бейнебаяны себеп болған.

Бағдарлама барысында Қарақат Әбілдина бір топ бортсерікті ортаға шақырып, әншіге ерекше тосынсый ұйымдастырған.

"Мәдина ханым бортсерік мамандығын дәріптеп, осы өзіңіздің бейнебаяныңызда көрсеткеніңіз үшін сізге Астана- Баку және Баку- Астана бағытына жолдама ұсынғымыз келеді" , - деген студияға келген бортсеріктер.

Баку қаласында болмағанын және жолдасы екеуі міндетті түрде осы жерге баратынын айтты.