Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция бөлімінде жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2023
  • 1266

Пәкістандағы полиция ғимараттарының бірінде екі қуатты жарылыс болды. 12 адам қаза тауып, 55-сі жараланған.

Қазақстан Телеарнасының хабарлауынша, марқұмдардың 8-і - полиция қызметкері.

Ал жарылыс терроризмге қарсы күрес бөлімшесінде болған. Нысан толықтай қирады. Жақын маңдағы үйлерге де зақым келген.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосса керек. Әзірге, қастандықты ешқандай топ мойнына алған жоқ.