Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында мәдениет үйінің құрылысы жарты жолда тоқтап қалды. Жаңа нысанның іргетасы жыл бұрын қаланған еді. Қабырғасы жарым жартылай тұрғызылған. Қазір қаңырап бос тұр. Құрылысына бюджеттен 470 млн-ға жуық теңге бөлінген. Мердігерге 30 пайыз алдын ала төлем жасалыпты. Ал қалған қаражат игерілмеген қаржы ретінде қазынаға қайтарылған. Құрылыстың тоқтауына мемлекеттік сатып алу процесінің дұрыс өтпеуі себеп болған. Тендерге қатысқан мердігерлер бірін-бірі сотқа берді. Істің ақ қарасын енді жоғарғы сот анықтайды.
Битөре ӘБДІХАЛЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
Қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы сотында кассациялық арыз қарастырылуда. Сол үшін жұмыстар тоқтап тұр сот шешімі бойынша. Сот шешіміне сәйкес қандай шешім қабылданады сол бойынша мердігермен шарт жасасып, жұмыстар жалғасатын болады.