Русский Сайттың толық нұсқасы

Таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндер ресми жұмысшы санатына енеді

Таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндер енді ресми жұмысшы санатына енеді. Яғни, жұмыспен қамтылғандар болып саналады. Жаңа Заң жобасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Такси қызметін көрсетсеңіз, интернет-платформалар немесе мобильді қосымша арқылы ашық табыс тапсаңыз қоғамдық келісім-шарт жасауға міндеттелесіз. Тиісінше, әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Министрлік жұмыссыздар қатарын осылай азайтуға белді бекем буды.