«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы». «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінде соңғы кезде жиілеп кеткен жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес, суицид және зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. Партия мүшелері бұған алаңдаулы. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова "Қазақстан бала тәрбиесіне қатысты өзінің жеке даму бағдарламаларын айқындап алуы керек" деп есептейді. "Кез келген жұрттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады. Бұл – атадан балаға жалғасып, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған негізгі ерекшелігіміз" деді ол. Партияның сайлауалды бағдарламасында да «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тұжырымдамасын тәжірибеге енгізу көзделген.
Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бізде мұғалім тек ғана келеді де титрлеу ма, химиядан соны ғана өткізеді. Бірақ кезіңде біз жазған поурочный план болды ғой. Сол жерде тәрбие мақсаты болды ғой. Сол тәрбие мақсатын қайтарып алып келіңіздер. Әрбір пәнде, ол химия болсын, ол математика болсын, ол физика болсын. Әрбір ұстаз өзінің тәрбие мақсатын балаға жеткізіп айтсын. Содан асқан тәрбиенің қажеті жоқ.