Русский Сайттың толық нұсқасы

Принтерде басып шығарған: Қызылордада жалған ақшамен сауда жасаған тұрғын ұсталды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2023
  • 1506

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен анықталған қылмыстық істің тергеуін аяқтап, іс материалын сотқа жолдады.

Агенттік хабарламасына сәйкес, Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20 000 теңгелік бірнеше банкнотты сақтағаны және оларды жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды.

«Ер адам заттар сатып алып, құны 20 000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған», - делінген хабарламада.

Азамат өз кінәсін толық мойындады.

«Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР ҚК-да бұл қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделген.