Русский Сайттың толық нұсқасы

Қойды қолды қылғандар жазасыз қала ма?

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кететіні несі? Түркістан облысында қос шопан өздеріне сеніп тапсырылған екі жарым мың уақ малды қолды қылған. Бірі ұсталып, жауапқа тартылуда. Ал екіншісінің судан таза, сүттен ақ шыққанына жәбірленуші таңғалып, арнамыздан араша сұрады. Аймақтағы тілшіміз мән-жайды анықтады.

Шымкент қаласының тұрғыны Бақыт Маликов қос шопанға 1 470 қойды теңдей бөліп тапсырыпты. Бұдан бөлек 40 қошқар мен екі жылқысы тағы бар. 2018 жылы нотариус арқылы келісім шарт жасасқанбыз дейді. Малшылар төлін көбейіп, өздері де, мал иесі де қарық болуы тиіс екен. Көктемде түгендеген. Ал тамызда бір тұяқ та қалмапты. Шардара аудандық полиция бөліміне шағым түсірген. Тек біреуі ұсталыпты.

Бақыт МАЛИКОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Біздің талабымыз екеуі жасаған қылмыс, екеуі жауап берсін. Екеуі соттан өтсін. Тиісті жазасын алсын деп біз соны шабуылдап жүрміз. Біздің жазбаған жеріміз, бармаған тауымыз қалмады. Президент әкімшілігіне де жаздық. Адам құқық қорғау уәкілге де жаздық. Облыстық прокурорға да жаздық.

Бірақ жоғары жаққа жазған арыздардың барлығы қайта айналып істі әу баста қараған Шардара ауданына келетінін түсінбейміз, дейді Бақыт Маликовтың сенімді өкілі. Адвокат Арман Айтубаев соттың шешімі де орындалмай отырғынын айтты.

Арман АЙТУБАЕВ, СЕНІМДІ ӨКІЛ:

Біз үш рет Шардара ауданының прокуратурасына жібергеннен кейін Түркістан облысының прокурасының әрекетсіздігіне шағым келтірдік Тергеу сотына. Тергеу сотымен Түркістан облысы прокуратураның әркеті мен әрекетсізігі заңсыз деп танылды. Содан кейін бізге біз келтірген шақымдарды Қылмыстық процестік кодекстің 105- бабының 3- бөлігіне сәйкес қарап, жауап беру туралы соттың шешімі шықты. Алайда осы күнге шейін ол соттың шешімі орындалған жоқ.

Прокурорлар екінші малшының ісінде қылмыстық құрам жоқ деп отыр.

Біржан ШУНЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Жәбірленуші Маликовтың арызы негізінде басталған қылмыстық іс құжаттарына сәйкес Қалниязовтың сеніп тапсырған малдарды ысырап ету фактісі өз дәлелін таппаған. Сол себепті 25- желтоқсан 2022 жылы оған қатысты істің ішінде қылмыстық қудалау тоқтатылған. Қазіргі таңда жәбірленуші тараппен ол қабылданған шешім шағым келтірді. Ол шағым бізде қазіргі таңда қаралуда.

Ерсұлтан ТАҒАБАЙ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Тергеу барысында барлық тұлғаларға қатысты заңды шешім қабылданатын болады. Сонымен заң бұзушылыққа жол берген Шардара аудандық Полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментімен қызметтік тексеру жүргізілуде.

Жәбірленушінің сөзінше, шығынның жалпы көлемі 152 млн теңгенің үстінде. Оның қайтарылатынына үмітін үзген. Тым құрығанда кінәлілердің жазасын әділ алуын қалайды.