Еліміздегі шалғай ауылдардың тұрғындары тегін медициналық көмек ала алады. Бүгін Алматы теміржол вокзалынан "Денсаулық" пойызы жолға шықты. Мамандар жыл аяғына дейін алыс-жақын аудандарды түгел аралайды. 120 станция қамтылады. Алыстағы ағайын терапевт, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, стоматолог және басқа да білікті дәрігерлерден кеңес алып, ем қабылдайды. Вагондар барлық қажетті медициналық техникамен жабдықталған. Тіпті сараптама жасап, шағын операциялар істеуге мүмкіндік бар. 8 айда 75 мыңнан астам адамға қызмет көрсету жоспарланған. Әр станцияда пойыз үш күн тұрады.
Альфия АДИЕВА, "SAMRUK-KAZYNA TRUST" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«SAMRUK-KAZYNA» қоры бұл жобаға 2017 жылдан бері қолдау көрсетеді. Жалпы бұл жобаның маңыздылығы- ол шалғай ауылда тұратын біздің жерлестерімізге тегін медициналық көмек көрсету. Ондағы халық қала орталғына күнде барып, медициналық көмек алып, тексерістен өте алмайды. Бұл біріншіден - қаражат, екіншіден-жол алыс. Ал енді бұл пойыз бірнеше жылдан бері үлкен нәтиже көрсетіп келеді.
Биыл жобаға өзгерістер енгізілді. Тұрғындардың өтініші бойынша дәрігерлер тобына психолог, заңгер және медиатор мамандар қосылды. Олар да тегін қызмет көрсетеді.
Гүлнар ОМАРОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК – ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрбір отбасына, мұқтаж болып жүрген азаматтарға құқығын қорғай алмай жүрген азаматтарға бұл үлкен көмек болады деп ойлаймын. Қай жерге арыздану керек, қандай арызды жазу керек? Не істеу керек? Соның барлығын ақпаратты беріп, ауыл азаматтырының көңілі жұрыс болады деп ойлаймын. Көзі ашылады