Русский Сайттың толық нұсқасы

Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды - Президент

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 1288

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысында ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз - Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз - бүгінгі өмірі және болашағы - бір бауырлас азаматтармыз.
Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылық мемлекет тарапынан заң аясында қатаң түрде жазаланады. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, заң аясында әрекет ететін болады.
Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы өз сөзі мен ісіне жауапкершілікті сезінуі қажет. Эмоцияға ерік беріп, араздық пен өшпенділік жетегінде кете беруге болмайды. Бізге шетелдік ақпараттық соғыс пен идеологиялық дау қажет емес", - дейді Мемлекет басшысы.