Русский Сайттың толық нұсқасы

"Реал" Криштиану Роналдуға ерекше ұсыныс жасады

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 806

Мадридтік "Реал" президенті Флорентино Перес Криштиану Роналдуға клубта жұмыс істеуге қайта ұсыныс жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

El Nacional басылымының жазуынша "Аль-Наср" сапында ойнайтын 38 жастағы Роналду Сауд Арабиясында ұзаққа қалмауы мүмкін. Португалия капитанына Реал Мадридке қайта оралуды ұсынған. Алайда бұл жолы ойыншы ретінде емес. Перес Роналдуға таңдау үшін екі лауазым – клубтың елшісі және Реал Мадрид спорт ұйымының мүшесі болуды ұсынған.

Дегенмен Роналду "Аль-Наср" сапында 14 ойында 11 гол соғып, Сауд Арабиясы Про-Лигасының менеджерлерін таңғалдырды.

Жұлдыз португалдық ойыншы "Аль-Насрда" жылына 200 миллион еуро алады. Оның келісімшарты 2024 жылы аяқталады. Клубтың бұрынғы жаттықтырушысы Руди Гарсия бұған дейін Роналду мансабын Сауд Арабиясында аяқтап, Еуропаға оралуды жоспарламайтынын атап өткен.