Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жел салдарынан құм көшіп, арасынан адам денесі табылды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 1469

Қызылорда облысында жел салдарынан құм көшіп, арасынан адам мәйіті табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Facebook-те Ләззат Бақтыбаева айтты. 

"Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан, құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі поезд отстойы маңынан адам мәйіті табылғаны туралы What’s App арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудырып жатыр", - деп жазды ол. 

Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді. 

"Бұл жарияланым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша хабарланатын болады", - делінген жауапта.