Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда қоқыс жәшігінен табылған баланы кім асырап алатыны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 898

Оралда қоқыс жәшігінен табылған баланы әжесі қамқорлыққа алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

Қалалық аурухана мәліметінше, баланың жағдайы қалыпты.

"Әжесі қамқоршылық құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ол - ұл бала. Баланың жағдайы тұрақты", - деді қалалық балалар ауруханасы өкілі.

Еске салайық, бұған дейін қоқыс жәшігінен жалаңаш жатқан нәресте табылғаны хабарланған еді. Кейінірек сәбиін тастаған әйел кім екені анықталды.