Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда қазақтың тілі мен қобыз үніне ғашық қос шетелдік қыз білім алып жүр

Венгерлік Богларка Фехер қобыз үніне ғашық. Жас арудың қазақ музыка өнеріне құрметі ерекше.

Қазір Богларка Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алады. Оның дәстүрлі өнерге қызығушылығы өз елінде жүргенде оянған. Ол үшін алдымен тіл үйреніп, қазақ мәдениетін меңгеруге тырысыпты. Сонан кейін Қазақстанға келіп, тек қобызды емес, домбыра тартуды да үйренген. 8 күйді еркін орындайды. «Дала сыры» деген өзінің күйі де бар. Ол құдіретке толы қобыз үніне, киелі аспаптың беймәлім тылсымға жетелейтін қасиетіне арналған.

Богларка ФЕХЕР, ҚОБЫЗШЫ:

Қобызға деген қызығушылық 2014 жылы Венгрияға «Тұран» ансамблі келді. Солардың концертінде жүрегім елжіреп кетті. Сол кезден бастап қазақ мәдениетіне ғашықпын. Ал қобызға деген қызығушылық Венгрияда ансамбльге бір қобыз арнап сыйлаған. Сол қобызды маған берген. Мен де сол ансамбльдің мүшесі болып виолончель үйренгенмін, қобыз өміріме осылай келді.

Саха республикасының тумасы Изабелла Озер де мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Якут қызының Қазақстанға келгеніне 8 жыл болыпты. Алғашқыда тіл үйрену қиын болғанымен, қазір ол қазақша ойлап, қазақша еркін сөйлейді. Түрлі жиындарда мемлекеттік тілде баяндама жасап, жұртты таңқалдырып жүр.

Изабелла ОЗЕР, МАГИСТРАНТ:

Маған Қазақстан ұнап қалды. Уже үйреніп қалдым осы Түркістанға. Бірақ Якут елі Саха республикасын мен сағынбаймын, мен отбасымды сағынамын.