Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзірбайжандықтар азаматтық позицияларын білдіруде

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2016
  • 2295

Әзірбайжанда Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының келтірген соңғы деректеріне сай, осы сағатқа дейін  оған 1,6 миллион азамат қатысқан. Бұл жалпы халықтың 30,6%. Азаматтар ата заңның 23-ші бабына өзгерістер енгізу мен қосымша 6 бапты қосу жайында өз позицияларын білдіріп жатыр.

Қазір 5 мыңнан астам сайлау учаскісінде дауыс беру аяқталып, санақ басталмақ. Қандай да бір тәртіп бұзушылықтар тіркелмеген, деп хабрлайды ТАСС агенттігі. Орталық сайлау комиссиясы алғашқы мәліметтерді түнгі 12-ден кейін жария етпек. Референдумның өту барысын 117 халықаралық байқаушы қадағалап жатыр.

Айта өтейік, 18 шілде күні мемлекет басшысы Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде бұйрыққа қол қойған. Онда 1-ші вице-президент, вице-президенттер лауазымдарын енгізу, мемелекет басшысының өкілеттілігін 5 жылдан 7 жылға дейін өзгерту қарастырылған. Сондай-ақ, президентке Милли Меджилисті, яғни парламентті таратып, кезектен тыс президент сайлауын өткізуге құқық берілмек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА