Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы хабар туралы журналист Бигелді Ғабдуллин жазды.
"87 жасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна өмірден өтті", - деп жазды ол.
"Маргарита Владимировна - Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жары қайтыс болды", - дейді журналист Гүлжан Ерғалиева да.
Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі де растады.
Айта кетейік, Олжас Сүлейменов - ақын, саясаткер, ядролық қару-жарақты жаппай қолдануға қарсы тұрған қоғам қайраткері. Ашық дереккөзде Олжас Сүлейменов пен Маргарита Владимировнаның үш қызы бар екені айтылады.