Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күніне орай ел тұрғындары қанша күн демалады?

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2023
  • 1628

Үкімет Астана күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында. 

Ведомство мәліметінше, үкімет қаулысына сәйкес, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар биыл Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде яғни, төрт күн қатарынан демалады.

"Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді", - делінген үкімет хабарламасында.