Русский Сайттың толық нұсқасы

Төрт айда 20 бала терезеден құлап қайтыс болған

Жоғарғы қабаттан құлап, мерт болды дегенді естігенге құлақ үйреніп кеткендей. Соңғы жылдары осындай қайғылы оқиға жиіледі. Биыл 4 айда елімізде 20 бала терезеден құлап кетіп, көз жұмған. Мұндай жаға ұстатар мәліметті Төтенше жағдайлар министрі айтты. Бұл орайда ата-ана жауапкершілігін арттыру қажет. Заңды күшейткен дұрыс. Қазір де тиісті Заңнама бойынша жазалау бар, бірақ, көп жағдайда баласынан қапыда айырылғандарға кешірім беріледі. Сондықтан, «жаман айтпай жақсы жоқ», әр адам өз перзентінің өмірін қорғаса, оны жалғыз қалдырмай, қауіпсіздік шараларын ескерсе дейді министр.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Көбіне баланың көпқабатты үйдің терезесінен құлауы, жабдықталмаған жерде шомылу және көміртегі тотығымен улану сияқты жайттар қайғылы оқиғаларға әкеледі. Негізгі себеп - балаларды ата-аналары мен ересектерінің қарауынсыз қалдыру. Жыл басынан бері ел бойынша балалардың терезеден құлауының 20 фактісі, Астанада балалардың жарақат алуының үш фактісі тіркелген.