Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы өңірлердегі құрылыс нысандарын бақылауға алды

Атырау облысы Жылыой ауданындағы «сақалды» құрылысқа партиялық бақылаудан кейін жан бітті. 300 оқушыға арналған нөмірі 5-ші мектептің іргетасы 2018 жылы қаланған. Алайда жобалау кезінде кеткен кемшілік кесірінен жарты жолда тоқтап қалды. Жауапты компания ғимараттың орналасатын аумағына назар аудармаған. Қаржы дұрыс есептелмеген.

Ерқұл ДӘУЛЕТБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізінен жоба жасалған кезде қателер кетті. Сол қателердің кесірінен құрылыс аяқталу мерзімі ұзартылды. Сосын қаржыдан да қате кетті. Сол қаржыны «Аманат» партиясы сессияда қарауға ұсыныс беріп, сессияда қарап, шешілді. Жыл жарымға кешігіп қалды. Соны қуып жету үшін апта сайын графигімізді қарап тұрамыз.

Ал Шымкентте 28 нысан партиялық комиссияның бақылауында. Соның бірі М.Х.Дулати атындағы 8 мектеп-гимназиясының қосымша құрылысы. Оқушыларға үш тілде білім беретін білім ордасы шаһардағы ең көне мектеп болатын. 2021 жылы құрылысы басталған жаңа ғимарат 1100 оқушыға лайықталған.

Бағлан КҮЗДЕУБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Нысанның жалпы сметалық құны - 3,4 млрд теңге. Құрылыс барысы өздеріңізде көріп тұрғандай 60 пайызға орындалып, биылғы оқу жылына пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Бауыржан ҚУАНЫШБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық партиялық жобалар барлық өз жүйесімен, жоспарлы жүріп жатыр кестесіне сәйкес. Енді майда кемшіліктер болған, оны біздер технадзор дейді ғой техникалық бақылау сонан кейін авторлық бақылау, сонымен бірге біздің мынау құрылыс басқармасының өзінің бөлімі солар бірлесіп қарап жатыр.