Русский Сайттың толық нұсқасы

Зәулім үйін сатып, кино түсірген Жахан Отарғалиев қайтадан үй алды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2023
  • 1207

Зәулім үйін сатып, кино түсірген Жахан Отарғалиев қайтадан үй алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде актер жары Балжан Бидашпен бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқаны туралы ақпарат тарап еді. Енді өнер иесінің су жаңа үйі бар. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жариялады.

"Үй алдық. Шын жүректен құттықтасаңыздар болады. Үйімізді сатамыз дегеннен бастап барлығы сатпа, кейін ала алмай қаласың деп еді. Сол сіздердің уайымдарыңызды басып қояйық деп шештік", - деп жазды ол.