Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2023
  • 818

Қазақстанда ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды.

ҰБТ-ға:

2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;

мектеп және колледждің былтырғы түлектері;

шетелде 11(12)-сынып білім алушылары;

қандастар;

шартты түрде оқып жатқан студенттер қатыса алады.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

2023 жылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Талапкерлер ҰБТ-ға тіркелетін кезде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

Талапкерлер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш бере алады.