Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлихан Смайылов бастаған Үкімет аппараты бүгінгі сенбілікте жүзден аса тал екті

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2023
  • 1032

Әлихан Смайылов Үкімет аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілігіне қатысты.

Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.

Сондай-ақ бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауын тазалап, ағаш екті.

Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.