Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар 2 айдан бері табылмай жаты

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2023
  • 887

Алматы облысының Жамбыл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жас жұбайлар екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр.

Іздестіру туралы ақпаратты еріктілер әлеуметтік желіде жариялады. 1993 жылы туған Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылы туған Әлмек Әлима 5 наурызда жоғалып кеткен. Ерлі-зайыпты түс ауа сағат 15:00 шамасында Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 96 В мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.

Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 701 375 92 91, +7 700 305 05 25 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.