Астанадағы такси көлігі
автобустарға арналған жолақпен жүруі мүмкін. Бұл туралы «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің департамент басшысы Бейбіт Есжанов мәлімдеді. Қазір елордада
ресми тіркелген 400 көлік бар. Ал қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру
үшін 3400 такси қажет. Жетіспеушіліктің кесірінен тұрғындар көшеге шығып қол
көтеруге мәжбүр. Сондықтан бұл мәселе жақында шешімін таппақ.
Бейбіт Есжанов, «Астана LRT»
ЖШС жолаушылар көлігі департаментінің басшысы:
Біз қазір заңнамаға өзгеріс
енгізуге тиісті құжаттарды дайындап, министрлікте келісімге жібердік. Сондықтан
арнайы жолақпен такси көлігі жүретін болады деп айта аламыз. Бірақ арнайы адам
тасымалымен айналысуға рұқсат алу үшін, бірқатар талаптарды орындау маңызды
болып табылады. Ал такси автокөліктерінің тұрағы ретінде 300-ге жуық орын қала
бойынша таңдалынып алынды. Егер бекітілсе, жыл соңына дейін іске қосамыз деген
жоспар бар.