Русский Сайттың толық нұсқасы

Фируза Шәріпова қарсыласын 13-секундта нокаутқа түсірді

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2023
  • 679

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА ережесі бойынша үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 29 сәуірде Алматыда өткен OCTAGON 44 турниріне қатысты. 28 жастағы Шәріпованың қарсыласы 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренко болды.

Қазақстандық спортшы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен. Бұл жолы да Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасап, кездесудің 13-секундында оны нокаутқа түсірді.