Русский Сайттың толық нұсқасы

Жерлеу орындары 15 жылдан кейін таусылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2023
  • 920

Қытайдың Шанхай провинциясында зираттарда марқұмдарды жерлеуге орын таусылған. Провинциялық әкімшіліктің есебі бойынша, халық саны арта берсе, 15 жылдан кейін облыстағы зираттарда орын қалмауы мүмкін.

Қытайдың Шанхай провинциясында зираттан орын брондау орта есеппен 14 мың доллар тұрады.

Сондықтан билік марқұмның жақындарынан мәйітті жерлеудің орын қажет етпейтін тәсілдерін қолданып көруді сұрап отыр. Ол үшін оларға түрлі субсидиялар бөлінеді.

Мысалы, соңғы кездері будда дінін ұстанбайтын тұрғындар өлгендерді кремациялап, күлін теңізге тастауға мәжбүр. Немесе өлілердің күлін суда ерітетін экологиялық таза ыдыстар жасап, теңізге тастайды. Тіпті Сучжоу қаласының өзінде жергілікті билік марқұмның туыстарына арнайы қайықпен саяхат жасап, күлді теңізге ағызуға бірігіп бастама көтерген. Салтанатты шараға қатысқан тұрғындарға 290 доллар көлемінде субсидия беріледі. Нәтижесінде 2015 жылы кремация 47 пайызды құраса, 2021 жылы ол 59 пайызға өскен.

Айта кетейік, Шанхай зират тапшылығы мәселесіне тап болған жалғыз провинция емес. Бұған дейін Гонконг пен Бейжіңдегі зираттарда орын жетіспейтіні айтылған.