Русский Сайттың толық нұсқасы

Файтер эмоциясын тыя алмады

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2023
  • 1071

Қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 44 турниріндегі кештің басты кездесуінде күтпеген жеңіліске ұшырағаннан кейін эмоциясын тыя алмады, деп жазды massaget.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

28 жастағы файтер  21 жастағы ирандық Паям Назаримен кездескен. Екінші раундта ол Еркебұланды алдымен тура соққымен нокдаунға түсіріп, кейін тұншықтыру әдісімен жеңді.

Жекпе-жегінде айламен жеңілген Тоқтар төбелес соңында әдепсіз сөйлеген.

"Жігіттер, қыздар, қолдауларыңызға рахмет! Мен б.., ММА-ны қоям. Ей, нағыз жұдырықпен төбелесетін бар ма?! Аяққа жабысып...күрес әдісін қолданады. Күрес әдісістерін жаттығуға уақытым жоқ! Менімен жұдырықтасатын адам бар ма? Кез келгенін жеңемін" — деді Тоқтар.

Ол Instagram парақшасында хейтерлерге үндеу жолдап, енді тек жұдырықтасатынын ғана айтты.