Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбек азаматы Ташкентті 250 миллиард долларға сатпақ болған

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2023
  • 1350

Өзбекстанда 15 жастағы жасөспірім ел астанасы Ташкентті 250 миллиард долларға сатпақ болған. Ол осы мақсатта Оlx сауда платформасына Ташкент қаласын сату туралы хабарландыру салған, деп жазды massaget.kz.

Бұл хабарландыру әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің киберқауіпсіздік орталығы.

Жоғарыдағы хабарландыруды жариялаған 8-сынып оқушысы әзілдегенін және мұндай пікірталас тудыратынын ойламағанын айтты. Аккаунт Мирзо-Ұлықбек ауданының тұратын әкесіне тиесілі болған.

"Мен бұл жарнаманы әлеуметтік желіден көрдім. Сосын платформаға салып, қалжыңдағым келді. Бұл соншалықты кең таралып, негатив тудырады деп ойламадым. Мен қателестім жәнебұл ісіме өкінемін", – дейді 15 жастағы жасөспірім.

Ал Olx сауда платформасының бас директоры бірнеше минуттан кейін жарнаманың бұғатталғанын айтты. Ол пайдаланушылардан сенімді ақпаратты платформаға орналастыруды сұрады.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде ата-аналарға баласын бақылауға шақырды.